Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапарының қорытындысы

Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапарының қорытындысы

Өткен аптада Бас әскери прокурорының орынбасары Біржан Мажренов Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығымен мен жеке құрамдарымен кездесу өткізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайына қатысты және 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтар профилактикасының және «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» Бағдарламаларын жүзеге асырудағы сұрақтарын талқылады.

Сонымен қатар, ол бірнеше әскери объектілерде террористік қорғаныстылығымен танысып, нақты ұсыныстар берген.

Жұмыс сапарының соңында Біржан Мажренов гарнизондық әскери прокуратураның ұжымымен кездесіп, қадағалау қызметі мен Өзгерістер бағдарламасының орындалуы туралы әңгімелесті.

 

Бас әскери прокуратура