Қытай әскери прокурорлары Қазақстанға іс-сапармен келген

Қытай әскери прокурорлары Қазақстанға іс-сапармен келген

2017 жылы 15 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың Қытай халықтық азаттық Армиясының Бас әскери прокуратурасының делегациясын бастаған Бас әскери прокуроры Чжан Даофамен ресми кездесуі өтті.

Кездесу барысында қылмыстық іс жүргізудегі сандандыру, экономикалық және лауазымдық қылмыстылықпен, киберқылмыстармен күресу, прокурорлық технологияларды зерттеу Орталығының жұмысы жөнінде қытай тәжірибесі жайлы талқыланған.

Қытай әскери прокурорлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның құқық қорғау қызметтері Орталығының және Қазақстан әскери прокуратура органдарының қадағалау қызметінің жұмыс тәжірибелерімен танысқан.

Беттесудің қорытындысы бойынша қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру, прокурорлық қызметтегі оң тәжірибелерімен алмасу және басқа да сұрақтар аясында екі мемлекеттің әскери прокуратура органадары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.

 

Бас әскери прокуратура