Әскери прокурорлар «Салауатты отбасы» акциясын өткізді

Әскери прокурорлар «Салауатты отбасы» акциясын өткізді

Гвардейск гарнизоны әскери прокуратурасының бастамасымен, Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімшілігімен бірігіп, «Салауатты отбасы» акциясы өткізілген.

Әскери қалашықтың аудан орталығынан алыс орналасуына және емханада қажетті дәрігерлердің болмауына байланысты Гвардейск қалашығында тұратын әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері тиісті дәрігерлік көмегін алу мүмкіндігінен айырылып отыр.

Осыған байланысты, аудандық орталықтан келген нақты профильді дәрігер-мамандары (невропатолог, кардиолог, отоларинголог, окулист, рентгенолог, узист, эндокринолог, гинеколог, стоматолог, маммолог және т.б.) әскери қалашық тұрғындарына диагностика жүргізіп, кеңес берген.

Болашақта осындай акциялар мерзімді түрде өткізіліп отырады.

 

Бас әскери прокуратура