Бас әскери прокуратура өкілдері Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен кездесу өткізді

Бас әскери прокуратура өкілдері Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен кездесу өткізді

Бас әскери прокуратура өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен тақырыптық кездесуді өткізді.

Кездесу барысында Бас әскери прокуратураның қызметкерлері әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқытарын сақтау, армияда заң бұзушылық, өлім мен жарақат алу профилактикасы, заңдылық пен әскери тәртіпті нығайту сұрақтары жайында сөз сөйлеген.

Кездесудің нәтижесі бойынша Бас әскери прокуратураның өкілдері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Бас әскери прокуратура