
2018 ж. 12 сәуір күні шамамен сағат 17-00-де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2484 әскери бөлімінің «Жоңғар» шекара заставасында (Алматы облысы Үшарал қ.) асылған күйінде аталған әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы А.Е. Хамзиннің мәйіті табылды.
Өз-өзіне қол салу себебі әскери қызметке қатысы жоқ жеке басының мәселелеріне қатысты болуы мүмкін.
Бұл оқиға Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлімімен (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тіркелді және ҚР ІІМ ӘТБ Оңтүстік аймағының Талдықорған бөлімінің өндірісіне қабылданды.
Қазір қажетті тергеу-жедел іздестіру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі