
2018 жыл 24 сәуір, Астана қаласы. Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың Ресей Федерациясы Бас Прокурорының орынбасары – Бас әскери прокуроры Валерий Петровпен екі жақты кездесуі өтті.
Бас қосу барысында Қазақстан және Ресей әскери прокуратура органдарының арасындағы ынтымақтастық сұрақтары, атап айтқанда Ресей Федерациясымен Сарышаған полигонын жалға алу туралы халықаралық шарттардың орындалуына, әскерлердің ортақ жаттығуларын және бітімгершілік операцияларын жүргізілуіне біріккен прокурорлық қадағалауын жүзеге асыруды талдаған.
Сонымен қатар, тараптар әскерлерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында өзара тәжірибемен алмасты.
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі