Бас әскери прокуратурасында Қытай Елшілігінің қолдауымен электрондық мұрағат жүйесі құрылуда

Бас әскери прокуратурасында Қытай Елшілігінің қолдауымен электрондық мұрағат жүйесі құрылуда

2018 жыл 24 сәуір, Астана қаласы. Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов пен Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй араларында электрондық мұрағат жүйесін құрудағы қолдау туралы шартқа қол қойылған.

Бұл шарт Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресудегі ынтымақтастық туралы Келісім және терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресу туралы Шанхай Конвенциясы аясында жасасқан.

Беттесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты өркендету және Қазақстандық әскери прокурорлардың Қытай әскери оқу орындарында білім алу мүмкіндігі талқыланған.

Кездесудің соңында Қытай елшілігінің өкілдері Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқық қорғау қызмет орталығының жұмыс барысымен танысты.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі