Балалар үйінің тәрбиеленушілері Әскери-тарихи мұражайында болды

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Әскери-тарихи мұражайында болды

Бас әскери прокуратура Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына баруын ұйымдастырды.

Мұнда балаларға Қазақстан тарихы, қазақ батырларының ерлігі, Отанды қорғаған және Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен совет жауынгерлері туралы айтылды.

Қазақстандық армияның қалыптасуы мен дамуын көрсететін экспозициялары ұсынылған Қарулы Күштерінің залына оқушылар ерекше қызығушылық танытты.

Балалар өз көзімен жеке қару-жарақ түлері мен әскери киімдерді, тарихи құжаттарды, фотосуреттер мен басқа да қызықты экспонаттарды көре алды.

Прокурорлардың пікірше, осындай шаралар жасөспірімдерді Отанды сүю мен терең патриоттық сезімде тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді.

 

Бас әскери прокуратусының баспасөз қызметі