
Құрметті оқырмандар!
Сіздерге 2018 жылдың 26 шілде күні сағат 16.00-де Шығыс айғының және Өскемен гарнизонының әскери прокуратураларында видеоконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Дастан Сартаевтың азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуы қажет:
1) Шығыс аймағының әскери прокуратурасы (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 38, 4-қабат, тел. 8-7222-524915);
2) Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы (Өскемен қаласы, Увалиев көшесі, 4, тел. 8-7232-614072).
Бас әскери прокуратура баспасөз қызметі