
Бас әскери прокурор Дастан Сартаев Өскемен, Аягөз, Семей және Павлодар гарнизондарының әскери бөлімдерімен және мекемелерімен танысты.
Сапар барысында армия қауымдастығымен де кездесті.
25 шілде күні Семей қаласында Бас әскери прокурордың төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында әскери ортадағы заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдай мәселелері, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бағдарламалық құжаттардың орындалуы жөнінде қабылданған шаралардың нәтижелері талқыланды.
Жалпы, аталған аймақ пен гарнизондарда қылмыстылықтың қасқарылудың тұрақты тенденциясы байқалады.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығына жасалған қорытынды тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық санының төмендегенін байқатты. Соның ішінде Шығыс аймағында 61% (18-ден 7-ге), Павлодар гарнизонында 40% (5-тен 3-ке), Өскеменде 29% (17-ден 12-ге) және Аягөзде 10% (10-нан 9-ға) азайған.
Осыған байланысты, Бас әскери прокурор бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуына тиімді бақылау жүргізуді қамтамасыз етуді талап етті.
Әскери басқару мен қылмыстық қудалау органдары басшыларының назарын заңның қатаң орындалуына, әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтарының сақталуына, жеке құрамдарының әскери даярлық пен жауынгерлік қабілеттілік деңгейін көтеру бойынша шараларының қабылдалуына аудартты.
Әскери прокурорларға Бас Прокурордың қылмыстық қудалау органдарымен бірігіп сот алды өндісірін электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету тапсырысы жеткізілген.
Жұмыстың нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданды.
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі