Бас әскери прокурор Оңтүстік аймақтардағы әскери объектілерге барған

Бас әскери прокурор Оңтүстік аймақтардағы әскери объектілерге барған

Бас әскери прокурор Оңтүстік аймақ, Гвардейск, Шымкент және Сарыағаш гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелеріне барды.

Ондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен және ұжымдарымен кездесулер өткізілді.

2 тамыз күні Бас әскери прокурорының төрағалығымен заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы бойынша сұрақтарын қарастырған Тараз гарнизонының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Ведомствоаралық жиналысы өтті.

Атап айтқанда, шараға қатысып отырған әскери мекеме басшылара Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының армияда жемқорлыққа жол бермеудегі тиісті жұмысын және әскери объектілерінің ланкестіктен қорғанумен байланысты экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл аясындағы заңдарын дәл орындауды қамтамасыз ету туралы талаптарын жеткізді.

Сонымен қатар, армиядағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған бағдарламалық құжаттарды орындау бойынша шаралардың маңыздылығы ерекше аталып өтілді.

Жалпы, Тараз және Сарыағаш гарнизондарында қылмыстық құқықбұзушылық саны 53% (30-дан 14-ке дейін) және 60% (5-тен 2-ге дейін), оның ішінде әскери құқықбұзушылықтар 73% (15-тен 4-ке дейін) және 75%    (4-тен 1-ге дейін) төмендеген.

Гвардейск және Шымкент гарнизондарында әскери қызметкерлерарасында өз өзіне қол салу оқиғалары тіркелмеген.

1 тамызда Бас әскери прокурор «Отар» 40-әскери базасында өткен Халықаралық армия ойындары – 2018 сайысының  ашылуына қатысты.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі