
Бас әскери прокурор әскери нысандардың қызметімен танысу мақсатымен Қызылорда гарнизонына барды.
Ол сапар барысында Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөлімінде әскери техника мен қару-жарақтың заманауи нысандарымен таныстырылды.
Шекара қызметінің 2019 әскери бөліміне жасалған сапары кезінде Бас әскери прокурор әскери басшылықпен бірге бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, әскерилердің үйге қол жеткізуі бойынша сауалдарды қарастырды.
Әскери бөлімдер және мекемелердің әскери басшылығымен, гарнизондық әскери прокуратура ұжымымен болған кездесулерде әскери қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау, әскери ортада сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, сондай-ақ экстремизм мен торроризмге қарсы іс-қимыл заңнамасын орындау бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының талаптарына тағы бір мәрте назар аударылды.
Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі