
Осы жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының Ресей Федерациясына сапары аяқталған.
Жұмыс кездесуі барысында Мәскеуде екі әскери қадағалау мекемелерінің басшылары өзара қатынастарының өзекті мәселелерін талдаған.
Қазақстандық делегациясы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінің әскери әділеттілік қызметінің және кадрларды даярлауды ұйымдастыру негіздерімен танысқан.
Тараптар қылмыстық қудалау және прокурорлық тексерулер жүргізу, оның ішінде әскери техниканы жөндеуге және жаңғыртуға бөлінген бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың заңдылығын қадағалау сұрақтар аясындағы қатынастың өзекті мәселелерін талқылаған.
Өз жағынан, қазақстандық әскери прокурорлар азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамсыздандырудағы жетістіктерімен алмасқан.
Еске түсірсек, екі мемлекеттің әскери прокуратуралары арасында халықаралық шарттар мен келісулер негізінде тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас нығайтылған.
Соңында Қазақстан Бас әскери прокуроры қарсы алып, қабылдаған үшін Ресей әріптестеріне алғысын және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына ниет білдірген.
Бас әскери прокуратурасы