Бас әскери прокуратура Қытай Халық Республикасы Халық-азаттық армиясының әскери прокуратурасымен ынтымақтастық шеңберінде онлайн режимде соғыс қимылдары жағдайында прокурордың жұмысы бойынша бірлескен семинар өткізді.
Аталған шара барысында тараптар қадағалау қызметімен тәжірибе алмасып, әскери прокуратура органдарының құрылымы мен міндеттері, бітімгершілік операцияларға қатысатын ұлттық контингентті құқық қорғау арқылы сүйемелдеу тәжірибесі туралы мәселелерді талқылады.
Жеке тармақта төтенше жағдайларда әскери қызметшілердің іс-әрекеттерін, соғыс уақытында әскери прокурорлардың іс-қимылдарының теориялық аспектілерін, халықаралық әскери іс-қимылдарда прокурорлық ынтымақтастықты нығайту жолдары мен әдістерін прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Семинар достық және ашық жағдайда өтті, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Жалпы, Қазақстан әскери прокуратура органдары қадағалау қызметінің сапасын жақсарту, оның ішінде әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қылмысқа қарсы күреске, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жұмысын жалғастыруда.
Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі