Бас әскери прокурордың Қытай Елшілігінің Әскери атташесімен кездесуі

Бас әскери прокурордың Қытай Елшілігінің Әскери атташесімен кездесуі

2022-жылғы 22-қарашада Астанада Бас әскери прокурордың Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің әскери атташесі аға полковник Ху Деджунмен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты Қазақстан мен Қытай әскери прокуратура органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

Тараптар 2023-жылы қазақстандық әскери прокурорлар үшін қысқа мерзімді оқу курстарын қайта бастау мүмкіндігін зерделеуге және ресми делегациялармен алмасуды ұйымдастыруға (ҚХР-да карантиндік шектеулер алынып тасталған жағдайда) уағдаласты.

Кездесу мейірімді жағдайда өтті және Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің өкілі екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.

 

Бас әскери прокуратура