Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу аяқталды

Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу аяқталды

ІІМ-ң әскери-тергеу органдары алаяқтық әрекеттер жасаған әскери қызметшілерге қатысты 2 қылмыстық істердің өндірісін аяқтады.

Үстіміздегі жылдың 22-шілдесінде Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшісімен жасалған автокөліктерді нарықтықтан төмен бағамен сомасы 29 млн. теңгеге сатумен байланысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық ісі сотқа жолданды.

Сонымен қатар, смартфондарды төмендетілген бағамен сатып алу сылтауымен алдап, азаматтардың 97 млн. теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген, Ұлттық ұланның келісімшарт бойынша әскери қызметшісіне қатысты іс тергеліп бітті.

Қылмыстық іс материалдармен танысу сатысында және жақын арада әскери сотқа жіберіледі.

Осыған байланысты, әскери прокуратура органдары халықты күмәнді тауарлар мен қызметтерді сатып алудан ескертеді.

 

Бас әскери прокуратурасы