
Бас әскери прокуратурада Алқа отырысы өтіп, онда қызметтің негізгі бағыттары бойынша 2022-жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмысы қорытындыланды.
Өткен кезеңде әскери прокурорлар бірқатар резонанстық қылмыстық істердің қадағалауын қамтамасыз етті.
Мысалы, қатардағы жауынгер А.С. Қалбайдың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, жақын арада сотқа жіберілетін болады.
Жамбыл облысындағы «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Мемлекеттік шекара арқылы тауар контрабандасы үшін жүйелі түрде пара алу фактілері бойынша Шекара қызметінің 24 әскери қызметшісі мен 15 азаматтық тұлғаға қатысты қылмыстық істің сотта қаралуы аяқталды.
Бұдан басқа, Бас прокуратурасының тапсырмасын орындау барысында Қорғаныс министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде аудит басталды, оның нәтижелері бойынша «Қазспецэкспорт» РМК-мен жасалған шарттар бойынша 1,2 млрд. теңгеге қаражат бюджетке қайтарылды және 450 млн. теңгеге тұрақсыздық айыбы өндірілді.
Азаматтық сот өндірісі барысында әскери прокурорлармен қабылдаған шаралар нәтижесінде мемлекетке 674 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірудің жолы кесілген.
Алқа аяқталғаннан кейін Бас әскери прокурор Д.Секеновпен алдағы кезеңге міндеттер айқындалып, әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулар берілген.
Бас әскери прокуратурасы