
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры болып әділет полковнигі Б.Е. Белгібаев тағайындалды.
Бағлан Белгібаев прокуратура органдарындағы қызметін 2003-жылы Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокурорының міндетін атқарудан бастаған.
2004-2013-жылдары Тараз және Астана қалаларының прокуратураларында жұмыс істеді.
2013 жылдан 2015-жылға дейін Бас прокуратурада жұмыс істеді.
2015-2016-жылдары Орал қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын бітіріп, әскери прокуратура органдарына қызметке түсті.
2018-жылдан бастап Бас әскери прокурордың аға көмекшісі болған.
«Құқық магистрі» дәрежесіне ие.
Бірнеше рет ведомстволық наградалармен марапатталған.
Бас әскери прокуратура