Әскери прокуратура органдары мемлекетке 674 млн. теңге көлемінде залал келтірудің жолы кесілген.
Бұған дейін Ақмола гарнизонының әскери сотымен жеке тұлғаның Қорғаныс министрлігінің әскери техниканы жаңғырту бойынша орындалған жұмыстарға ақы төлеуге міндеттеуі туралы талаптарын қанағаттандырған болатын.
Алайда, әскери прокурорлар шарттарды тіркеудің болмауына, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және азаматтық істердің соттылық қағидаларын сақтамауға байланысты бұзушылықтар анықтаған.
Прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Әскери сотымен бірінші сатыдағы сот шешімі жойылған.
Бас әскери прокуратурасы