А.ж. 28 мамырында әскери прокуратура органдарының жеке құрамының жоспарлы жауынгерлік даярлығы өтті.
Автоматтандырылған режимде «ЖИНАЛУ» оқу сигналы хабарланып, кезекшілердің іс-әрекеті, жеке құрамның уақытылы келуі, далалық киім кию ережелерінің сақталуы, противогаздардың және «дабыл чемодандарының» болуы тексерілді.
Артынша Бас әскери прокуратура мен Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының қызметкерлері әскери атыс алаңына аттанды.
Онда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық сабақтар өткізіліп, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдері пысықталып, жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, Калашников автоматынан ату жаттығулары жүргізілді.
Осындай іс-шаралар барлық аймақтық және гарнизондардық әскери прокуратураларда өткізілді.
Бас әскери прокуратурасы