Нұрсұлтан қаласы, 2022 жылғы 6 мамыр
Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Бас әскери прокуратурада әскери прокуратура органдарының барлық жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.
Бас әскери прокурордың міндетін атқарушы Дастан Секенов құттықтау сөз сөйлеп, Бас прокуратура басшылығының атынан және өз атынан баршаны келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтады.
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери прокуратура органдарының ерекше рөлі атап өтілді.
Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер, оның ішінде әскери атақтарды мерзімінен бұрын берумен көтермеленді.
Бас әскери прокуратура