Қатардағы жауынгер Ә. Қалбайдың өлімін тергеу туралы

Қатардағы жауынгер Ә. Қалбайдың өлімін тергеу туралы

Баспасөз хабарламасы

30212 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Қалбай Әлібек Саламатұлы қаза табу фактісі бойынша осы жылдың 22 сәуірінде қылмыстық іс қозғалды.  

Іс бойынша әскери-тергеу органдары мен әскери полиция өкілдерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процесс прокуроры тағайындалды.

Тергеу Бас әскери прокуратураның бақылауында.  

Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осы оқиғаның кең қоғамдық резонанс тудырғанын ескере отырып, азаматтарды, БАҚ-ты және әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды ресми ақпарат көздеріне сенуге және арандатушылық сөздер мен үндеулерге бой алдырмауға шақырамыз.

 

Бас әскери прокуратурасы