Бас әскери прокуратурада қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

Бас әскери прокуратурада қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

2022 жылғы 17 наурызда Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Сакен Ермекбаевтың төрағалығымен кеңейтілген құрамда жедел кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, әскери-тергеу бөлімшелерінің, Қарулы Күштер әскери полиция органдарының, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, әскери қарсы барлаудың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кеңесте қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, Азаптауларға және тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңдылықты одан әрі нығайту және адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша жолдар әзірленді.