Бас әскери прокуратурада "Б"корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жарияланды.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-O-5 санаты бойынша:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, стресске орнықтылық, жауапкершілік, адалдық, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы,тг.:
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-О-6 |
186 362 |
229 492 |
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14, 260 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 71-28-26, 7172826@prokuror.kz) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).
Функционалдық міндеттері:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Ереженің 3 – қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі - Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру «Бас әскери прокуратурасы» ММ-де (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 14, №260 кабинет) соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына, сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін қарайды және конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Кандидаттардың Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінің «Арнайы есепке алу» дерекқоры арқылы қаралады.
Конкурсқа қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей хабардар етеді. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекен-жайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурсқа қатысушылар бұл туралы Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурс комиссиясының хатшысымен хабардар етіледі. Хабарлама телефон арқылы не қатысушылардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Бас әскери прокуратурасы» ММ-де өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуына жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға жазбаша нысанда бере алады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар сұхбат барысын өздерінің техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркей алады.
Уәкілетті органға ақпарат беру жағдайларын немесе Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғанға дейін мемлекеттік орган қызметкерлерінің конкурс комиссияларының құрамы туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің конкурстық комиссияның отырысына қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құрметті бос лауазымдарға орналасуға ниет білдірген үміткерлер!
Әңгімелесуден өту жөнінде ұсыныстар немесе шағымдар болған жағдайда, сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне 24-89-28, 24-89-29 телефондары арқылы хабарласа аласыз.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені____________________________________________________________________
__________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|
|
|
|
|
Б" корпусының мемлекеттік Нысан
|
|
_____________________________________________ |
|
|
|||||
|
_____________________________________________ |
|
||||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|
||||||
|
1. |
Туған күні және жері/ |
|
|||||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
|
|||||
|
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ |
|
|||||
|
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|
|||||
|
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
|
|||||
|
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|
|||||
|
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|
|||||
|
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
|||||
|
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
|
|||||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||||||
|
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
|
|||||
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
|
|||||
|
|
|||||||
|
_____________________ |
_______________ |
|
|||||