Әскери прокуратура ардагерін құрметті демалысқа шығарып салу

Әскери прокуратура ардагерін құрметті демалысқа шығарып салу

07 Ақпан 2022 жыл, Нұр-сұлтан қаласы.

Бас әскери прокуратурада әскери прокуратура органдарының ардагері әділет полковнигі Болат Темірханұлы Жүсіповты, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі - топ жетекшісін құрметті демалысқа шығарып салуға байланысты салтанатты іс-шара өтті, оның есебінде прокуратура органдарында, Мемлекеттік тергеу комитетінде, әскери-тергеу органдарында және қаржы полициясында басшылық лауазымдарда 30 жыл мінсіз қызмет атқарған.

Болат Темірханұлы әрдайым жоғары кәсібилігімен ерекшеленді, әріптестерінің беделі мен құрметіне ие болды, жас қызметкерлер үшін үлгі болды.

Өзінің қажырлы еңбегімен, үлкен жауапкершілігімен және тәртіптілігімен ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Болат Темірханұлына салтанатты түрде естелік сыйлықтар табыс етілді, Бас әскери прокуратура басшылығынан, достары мен қызметтестерінен оның атына зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына амандық, оптимизм мен сәттілік тілеген жылы сөздер мен тілектер айтылды.!!

Бас әскери прокуратура