

Айтуғанов Нұрлан Амантайұлы 1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген
2002 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған
2025 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери тарих» мамандығы бойынша бітірген
Әскери ғылымдар бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар
Әділет полковнигі
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр
2003–2006 жылдар — Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінде уәкілетті қызметкер, кейін анықтаушы-инспектор
2006–2007 жылдар — Орал гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі
2007–2015 жылдар — Ақмола гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі
2015–2017 жылдар — Бас әскери прокуратураның әскери органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасында әскери прокурор, аға әскери прокурор
2017–2019 жылдар — Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары
2019–2023 жылдар — Батыс аймағының әскери прокуроры
2023–2026 жылдар — Ақмола гарнизонының әскери прокуроры
09.09.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Бас әскери прокурордың орынбасары