

Данияр Асетбекұлы Естеуов 1987 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» құқықтану академиясын бітірген.
Әділет подполковнигі.
Үйленген, үш баланы тәрбиелеп отыр.
2009 жылы — ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Әскери басқармасының бас маманы-статисті.
2009–2010 жылдары — Бас әскери прокуратураның бас маманы.
2010–2012 жылдары — Ақмола гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі.
2012–2021 жылдары — Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, прокурор, Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры.
2021–2022 жылдары — Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы.
2022–2024 жылдары — Талдықорған гарнизоны әскери прокурорының орынбасары.
2024 жылы — Сарыағаш гарнизоны әскери прокурорының орынбасары.
2024 жылғы желтоқсан айынан бастап — Аягөз гарнизонының әскери прокуроры.