Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс берілді.
Комитет басшысы өз қарамағындағылардан жүк пен жолаушыларды тасымалдау көлемі туралы көлік компаниялардан шамадан тыс деректерін ұсынуды талап етті. Мұндай әрекеттер елдің көлік нарығындағы объективті көріністің бұрмалануына және 2,5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік статистика саласындағы мәліметтерді жинау функциялары Ұлттық статистика бюросына бекітілген және Көлік министрлігінің құзыретіне кірмейді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынысымен комитет басшысының орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бас көлік прокуратурасы