Айыптау өнері: үздік мемлекеттік айыптаушыларды іздеу

Айыптау өнері: үздік мемлекеттік айыптаушыларды іздеу

Бас көлік прокуратурасы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптаушылар арасында конкурс өткізді.

Мемлекеттік айыптау - прокуратураның маңызды және ажырамас конституциялық қызметі. 

Өзекті және резонанстық істер бойынша соңғы сот процестері, олардың онлайн-трансляцияларын қоса алғанда, мемлекеттік айыптаушы прокуратураның «бетке ұстары» екенін тағы да растады.

Осыған байланысты, қазіргі заманғы болмыстар прокурорларды даярлауды және олардың біліктілік деңгейін арттыру кезінде әдістерді құрылымдауды талап етеді.

Конкурс шеңберінде Бас көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдау тактикасын оқыту, шешендік шеберлік, БАҚ-мен өзара іс-қимыл және моральдық-психологиялық даярлық мәселелерін қарады.

Құқық қорғау органдары академиясы жетекші білім беру ұйымы ретінде теориялық және әдістемелік қолдау көрсетті.

Конкурсқа үздік көлік прокурорлары қатысты, олар өздерінің заңнама білімдерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, сондай-ақ, сотқа қатысу тәжірибесін көрсетті.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

Аталған байқау үздік мамандарды анықтауға көмектесіп қана қоймай, сот төрелігінің қателіктерін азайту және қылмыстық процестің барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау үшін үздіксіз оқыту мен кәсіби дамудың маңыздылығын көрсетті.

 Бас көлік прокуратурасы