Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында А.Р. Ташмұхамбетова әлеуметтік желілер арқылы "Алматы-Маңғыстау"бағытындағы пойызда орын алған оқиға туралы хабарлады.
Мәселен, 2019 жылғы 3 маусымда А. Р. Ташмұхамедова кәмелетке толмаған балаларымен бірге "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы № 377-378 жолаушылар поезымен келе жатқан. "Бейнеу" станциясына жетпей пойыз күрт бұрылып, қайнаған су құйылған стақан балаға аударылып, нәтижесінде қыз денесінің әртүрлі бөліктеріне күйік алды.
Оның вокзал мен пойыз қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетпеу фактісі бойынша құзыретті органдарға жүгінулері назардан тыс қалдырылды және Бас көлік прокуратурасына жүгінгеннен кейін ғана 14.11.2019 ж.ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір қылмыстық іс материалдарын зерделеп, полицияның істің барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулары берілді.
Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауда.
Бас көлік прокуратурасы