Шу көлік прокуратурасымен "Сары-Шаған жол дистанциясы" бойынша қаржы-шаруашылық қызметін тексеру актілерін зерделеу барысында 16 млн.теңге жымқыру фактісі анықталды.
Осылайша, бухгалтерлік құжаттарға сәйкес жөндеуді қажет ететін учаскелерде 11,3 млн.теңгеге жөндеу жинақтары пайдаланылды, сондай-ақ 4,6 млн. теңгеге 32 мың литр ЖЖМ кәсіпорынның қажеттіліктеріне жұмсалды.
Алайда, тексеру "ҚТЖ" АҚ "Сары-Шаған жол дистанциясының" бұрынғы директоры Қыдырбаевтың жоғарыда аталған материалдық құндылықтарды өз бетінше сатқанын және алынған ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын көрсетті.
Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша Қыдырбаев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа берілді.
Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының 26.12.2019 жылғы үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге ұйымдардың кез келген нысанында материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға шартты түрде сотталды.
Бұл үкімге прокуратура сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін шартты түрде соттауға тыйым салуды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басқа да нормаларын бұзуға байланысты апелляциялық өтініш енгізді.
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 11.02.2020 жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертілді, Қыдырбаевқа қатысты шартты жазаның күші жойылды.
Енді ол жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Сондай-ақ Қыдырбаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Шу көлік прокуратурасы