Жамбылда 14 жолаушы тасымалдаушымен келісім-шарт бұзылды

Жамбылда 14 жолаушы тасымалдаушымен келісім-шарт бұзылды

Жамбыл көлік прокуратурасы жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады.

Соңғы жылдары Жамбыл облысының жолдарында жолаушылар көлігінің қатысуымен ЖКО (2018ж. – 27, 2019ж. – 37), оның ішінде өліммен аяқталған (2018ж. – 12 адам қаза тапты, 54 адам зардап шекті; 2019ж. – 18 адам қаза тапты, 109 адам зардап шекті) өсуде.

Бұған жекелеген жағдайларда тасымалдаушылар арасында тиісті рұқсатсыз, Медициналық және техникалық тексерулерден өтпей, ескірген автобустарға, біліктілігі жоқ жүргізушілерге рұқсат беруден, сондай-ақ үлгі шартты бұзудан көрінетін жүйелі бұзушылықтар ықпал етті.

Мәселен, Облыстың 76 маршрутының 29-ына (немесе 40%) тартылған автобустар қойылған талаптарға және нормативтік-құқықтық актілерге жауап бермейді.

Атап айтқанда, 105 автокөлік құралының тұрақты жолаушылар тасымалдарына қызмет көрсету құқығына пайдалану мерзімі өтіп кетті (15 жылдан астам).

"Саяхат-99" ЖШС "Тараз – Үшқоңыр "автовокзалы" бағыты бойынша Медициналық және техникалық тексерулерсіз тасымалдауды жүзеге асырды.

Бұл ретте аталған тасымалдаушы облыс әкімдігі белгілеген бағыт пен қозғалыс схемасын бұза отырып, "Сайран" автовокзалынан (Алматы қ.) жолаушыларды отырғызуға рұқсат берді.

Сондай – ақ, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өңір әкімдігі саны 100 адамнан асатын 7 елді мекен ("Қаратау – Қасқабұлақ – Тараз", "Майтөбе – Тараз", "Көшек – Тараз", "Ойық – Тараз", "Амангелді – Тараз", "Аққұм – Тараз", "Қаратау – Тамды-Тараз") бағытында тұрақты автобус бағыттары бойынша тендер өткізді.

Нәтижесінде облысішілік маршруттар бойынша "Dim Dimich Company" ЖШС жеңімпаз болып танылды, ол іс жүзінде осы қозғалыс бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырмады.

Прокуратура ұсынымын қарау нәтижелері бойынша Жамбыл облысының әкімдігі 40 тұрақты бағыт бойынша 14 тасымалдаушымен келісім-шартты бұзды, сондай-ақ заңдылықты бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Жамбыл көлік прокуратурасы