Көлік прокурорлары кәсіпкерлерді 500 млн теңгеге төлем төлеуден босатуға қол жеткізді

Көлік прокурорлары кәсіпкерлерді 500 млн теңгеге төлем төлеуден босатуға қол жеткізді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін көлік прокуратурасы органдары төтенше жағдай кезеңінде уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.


Сонымен қатар, азаматтардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері ерекше бақылауда тұр.


Қадағаланатын аумақтағы жағдайға күнделікті мониторинг жүргізу барысында Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының темір жол станцияларында жүк вагондарының едәуір жиналу себептері зерделенді.


Ағымдағы жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша карантиннің енгізілуіне байланысты тек Нұр-сұлтан қаласы бойынша 10-нан астам коммерциялық ұйымның 50-ден астам вагоны жүк түсіруді күтіп тұрғаны анықталды.


Бұл ретте, аталған кәсіпкерлерге вагондарды пайдаланудың әр күні үшін және жылжымалы құрамдарда жүктерді сақтау үшін алым төленді.


Сондай-ақ, жүк жөнелтушіні тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту бойынша сұрақтар туындауы мүмкін.


Шектелмеген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сол күні (А.Ж. 31 наурыз) Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "ҚТЖ "ҰК" АҚ атына кәсіпкерлерді жоғарыда көрсетілген төлемдерді төлеуден босату және оларды жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартуға жол бермеу жөніндегі мәселені қарау туралы хат жолдады.


Оны Ұлттық темір жол тасымалдаушысымен қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 500 млн.теңгеден астам айыппұл мен тиісті алымдарды төлеуден 1 мыңнан астам кәсіпкерді босату туралы шешім қабылданды.


Бас көлік прокуратурасы