Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы жеке қорғаныс құралдарын елден шығару фактілерінің жолын кесті.
20.02.2020 жылы ҚР азаматы Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы арқылы Түркия Республикасының Стамбул қаласына 12 мыңнан астам медициналық масканы әкетуге әрекет жасады.
Қадағалау ведомствосының қолданған шараларымен кінәлі тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушы кінәсін мойындап, айыппұл төледі.
04.03.2020 жылы жеке компания ҚХР Гонконг қаласына жалпы салмағы 12 тоннадан асатын жеке қорғану құралдарын (қорғаныш костюмдері, комбинезондар) әкету әрекетін жүзеге асырды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған тауарларға ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес әкетуге шектеу қойылған.
Аталған факті бойынша көлік прокурорлары аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта алып қойылған жеке қорғану құралдарын мемлекет кірісіне айналдыру бойынша шаралар қабылдануда.
Бас көлік прокуратурасы