
Құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша Бас көлік прокуратурасы, Көліктегі полиция департаменті, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі араларында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымға тыйым салынған тауарларды (суық қару: кастеттер, пышақтар, телескопиялық таяқтар және т.б.) электрондық сауда алаңдарында (бұдан әрі-Маркетплейс) орналастыруды және олардың жарнамасын анықтау, сондай-ақ жолын кесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Меморандум шеңберінде тараптар тыйым салынған заттарды сатумен және жарнамалаумен айналысатын маркетплейс пайдаланушыларын бұғаттауды жүзеге асыру туралы келісімге келді.
Аталған меморандум Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да нормативтік-құқықтық актілері негізінде жасалды.
Бас көлік прокуратурасы