Бас көлік прокуратурасымен жүргізілген талдау қызметі барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің белгілері анықталды.
Кірме жолдарды пайдалануға Ұлттық инфрақұрылым операторы («ҚТЖ» ҰК» АҚ) бекіткен нұсқаулар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Алайда, осы нұсқауларды бекіту кезінде ҚТЖ өзінің үстем жағдайын пайдаланып, нұсқаулықта нақты локомотив иелерін бекітуге жол беріп, салдарынан соңғысына кірме жолда маневрлік қызмет көрсету кезінде артықшылықты жағдай туғызып, сондай-ақ басқа локомотив иелерінің жолға түсу мүмкіндігінен айырды.
Бұл іс-әрекеттер бәсекелестікті шектеуге әкеліп, қызмет көрсету нарығында басқа субъектілер үшін кедергілер жасаған.
Көрсетілген фактілер бойынша Бас көлік прокуратурасымен ұсыныс енгізіліп, оны орындау мақсатында нұсқаулықтар заңнамаға сәйкестендіріліп, локомотивтердің нақты иелеріне сілтемелер жойылып, 1,3 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасы