Халықаралық азаматтық авиация ұйымының шақыруымен прокурорлар алғаш рет Францияда азаматтық авиация саласындағы қауіпсіздік пен құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемнің жетекші мамандарын жинаған халықаралық семинарға қатысты.
Семинарда авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері қарастырылды, сондай-ақ азаматтық авиацияны дамытудың заманауи сын-қатерлері мен перспективалары және тиісті нормативтік-құқықтық базалар талқыланды.
Мамандандырылған ұйымдардың ұлттық мемлекеттік органдармен және әуе көлігі саласын басқаратын халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Республика көлік прокуратурасы өкілдерінің мұндай іс-шараларға қатысуы республикалық авиация саласы субъектілерінің қызметін қадағалау сапасына оң әсер етіп, қауіпсіздікті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етуге тиіс.
Бас көлік прокуратурасы