Көлік прокуратурасы жосықсыз сатып алушымен келісім шартты бұздырды

Көлік прокуратурасы жосықсыз сатып алушымен келісім шартты бұздырды

Қызылорда көлік прокуратурасымен «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – РМК) мемлекеттік сатып алу кезінде бөлінген мемлекеттік қаражатқа немқұрайлы қарағандығы анықталды.

«KazakhinTrade» ЖШСРМК-дан монтаждалған жерүсті кабельдік желісін бөлшектеу кезінде пайда болатын кабельдік өнімнің қалдықтары болып табылатын қорғасын қабығын сатып алған.

Алайдасатып алушы сатушыныңшотына шарт бойынша белгіленген мерзімде толық төлем жүргізбеген.Дегенмен де РМКөз тарапынан заңмен көзделген реттерде міндеттерді және төленбеген қаражатты өндіруге бағытталған шараларды қабылдамаған. Осымен шектелмей жосықсыз сатып алушымен қосымша шартқа отырып, оған құқыққа қайшы артықшылық білдірген.  

Аталған келісім шарт прокуратураменуәкілетті мемлекеттік органға қадағалау актісі енгізілгеннен кейін бір жақты бұзылды

Сот шешімімен «KazakhinTrade» ЖШС-нен 80 млн теңгеге жуық өсімпұл сомасытолығымен өндірілді

РМК-нің басшысы жеке және заңды тұлғаларға шешімдер дайындау және қабылдау кезінде заңда көзделмеген артықшылық көрсеткені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегітәртіптік жауаптылыққа тартылды (мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық үшін)7 қызметкерке «сөгіс» жарияланды.

Бас көлік прокуратурасы