
Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жоғары қадағалаудың басты нысаны болып қала береді.
Көлік прокуратурасы органдарының талдаулары мен тексерулерінің нәтижелері қоғамға жеткізіліп отырады, оның ішінде станция ішіндевагондарды беру-алып кеткені үшін қосымша алымдарды өндіріп алудың заңсыз тәжірибесі, «ҚТЖ АҚ кірме жолдардың меншік иелеріне негізсіз шектеулер қою туралы заңсыз телеграфтық нұсқауларын және басқаларын жою бойынша мысалдар болды
Бүгінгі күні бизнестің кінәсінен емес жылжымалы құрамның бос тұрғаныүшін кәсіпкерлерден темір жол алымын өндіріп алудың заңдылығы, жүктерді (негізгі және қосымша) тасымалдауға арналған жоспарларды келіспеу, кәсіпкерлердің жеке шотынан олардың келісуінсіз шешіп алу, вагондарды, контейнерлерді тасымалдауға арналған кодтарды беруден уәжделмеген бас тарту және т.б. мәселелер зерделенуде.
Бұған кәсіпкерлердің сигналдарына жүргізілген жедел талдау мен Атамекен ҰКП Ұлттық оператор қызметіндегі жүйелік сипаттағы бұзушылықтар туралы ақпараты негіз болды.
Мысалы, «Теміржол көлігі туралы Заңның 49-бабына сәйкес Ұлттық оператор магистральдық, станциялық жолдардағы, сондай-ақ теміржол жолдарындағы вагондардың бос тұрғаны үшінжүк жөнелтушіні, жүк алушыны, тармақ иелерін немесе вагон иелерінтек соңғылардың кінәсі болған жағдайда ғана айыппұл сала алады.
Сонымен қатар, прокурорлық тексерулер кәсіпкерлердің кінәсінен емес, вагондардың бос тұрғаны үшін бизнес субъектілеріне негізсіз айыппұл салу фактілері әлі де орын алып отырғанын көрсетті.
Жоғарыда айтылғандарды хабарлай отырып, Бас көлік прокуратурасының мобильді тобының 8 (7172) 30 -18 20 немесе 8 (777) 050 - 77 – 27 нөмірлерісондай-ақ, ресми сайты мен «Instаgram» парақшасында «baskolik_prokuraturasy бетінде көрсетілген нөмірлержұмыс жасайтынын назарға сала отырыполар бойынша кәсіпкерлер бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері туралы хабарлауына болады (қажет болған жағдайда анонимділікке кепілдік беріледі)
Сондай-ақ, мобильді топ бизнесті жүргізу бойынша жағдайларды жақсарту үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың қолданыстағы құқықтық құжаттарын қайта қарау бойынша ұсыныстар қабылдауға дайын.
Бас көлік прокуратурасы