Автомобильдік трассалардағы қауіпсіздік бойынша көлік прокурорларының жұмысы жайлы

Автомобильдік трассалардағы қауіпсіздік бойынша көлік прокурорларының жұмысы жайлы

Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардағы азаматтардың қауіпсіздігінің төмен деңгейі әлі де өзекті мәселе.

Еліміздің көлік магистральдарындағы жол апаттарының салдарынан жыл сайынмыңға жуық адам қаза тауып, үш мыңнан астамы түрлі жарақат алуда

Осыған орай көлік прокуратурасы үшін басты басымдықтардың бірі – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолапат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жөніндегі қызметтерінің заңдылығының сақталуын қадағалау болып табылады

Қолданыстағы ұйымдық салалық проблемалар уақтылы медициналық-құтқару көмегін көрсетуге мүмкіндік бермей жол өлімінің жоғары деңгейіне өз теріс үлесін қосуда(алтын сағатқағидаты)

Жалпы республикалық жолдардыңтөрттен бір бөлігінде ұялы байланысы жоқсоқыр аймақтардың болу себебінен ЖКО орнына төтенше жағдайлар қызметтерін шұғыл шақыруға мүмкіндік жоқ

Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің (бұдан әрі - ТМҚП)дұрыс орналасуын анықтайтынбірыңғай стандарттардың болмауынан шалғай және аса қауіпті учаскелердеТМҚПтапшылық болып, олар керісінше тиісті медициналық резерві бар стационарлық ауруханалар бар елді мекендердің жанында орналасқан

Сонымен қатар, қолданыстағы апатты-қауіпті орындарды анықтау мен есепке алудың алгоритмі тиімсіз, өйткені ол жол учаскелерінің қауіпсіздік деңгейіне теріс әсер ететін барлық факторларды ескермейді.

Осы және басқа да мәселелерді Бас прокуратура өз ұсынуында (2022 жылғы 21 желтоқсандағы №2-01-22-111968) Үкімет алдына қойды, оларды шешу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар айқындалды.

Қазіргі уақытта еліміздің автомагистральдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған ведомствоаралық жұмыс жүргізілуде. Шаралардың тиімділігін арттыру үшін жұмысқажергілікті атқарушы органдар тартылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ТМҚП ұтымды бөлу мақсатында алғаш рет жолдарда ТМҚП қайта орналастыру және орналастыру орындарын анықтау әдістемесін әзірлеп, қабылдады.

Өз кезегінде жаңадан құрылған Көлік министрлігі ықтимал қауіпті жол учаскелерін анықтау және есепке алу бойынша стандарттарды жетілдірді

Ұялы байланыстың соқыр аймақтары проблемасы «Қолжетімді Ғаламтор» ұлттық жобасы шеңберінде шешілуі тиіс.

Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселелері көлік прокуратурасы органдарының қадағалау қызметінің басты объектісі болып қала береді.

Бас көлік прокуратурасы