Прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіруді жалғастыруда

Прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіруді жалғастыруда

Көлік прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бұл жолы Бас көлік прокуратура ҚТЖ филиалдарының қызметін талдаумен кәсіпкерлердің сатып алу шарттары бойынша енгізген қамтамасыз етулерді уақтылы қайтармау деректерін анықтады.

Заңнамаға сәйкес тапсырыс беруші мұндай «қамтамасыз етуді» өнім берушіге ол міндеттемелерді орындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтаруға міндетті, ал олар кешіктірілген жағдайда тапсырыс берушіден кәсіпкердің пайдасына өсімпұл төлеуі көзделген (мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1%).

Алайда, іс жүзінде, шартта көзделген сомалардың уақтылы қайтарылмағанына қарамастан өсімпұл төленбеген

Осыған байланысты көлік прокурорлары «ҚТЖ «ҰК» АҚ өңірлік бөлімшелері мен оның еншілес кәсіпорындарына ұсынулар енгізді.

Қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша іс жүзінде алғаш рет Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстарының 180 кәсіпкеріне шартта көзделген тұрақсыздық айыбы төленді.

Бір мезгілде «ҚТЖ» ҰК АҚ кәсіпорындардың кінәлі қызметкерлерінен төленген өсімпұлды регрессиялық тәртіппен өндіріп алу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Осындай жұмыс барлық өңірлерде өз жалғасын табатын болады

Бас көлік прокуратурасы