
Өңірлік көлік прокуратуралар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарының қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында қайтыс болған бұрынғы қызметкерлерге сыйлықақыны заңсыз есептеу фактілерін анықтаған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ» ұжымдық шартында зейнеткерлерге және жұмыс берушінің есебінде тұрған басқа тұлғаларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көлік қызметкерлері күніне орай біржолғы материалдық көмек көрсету көзделген.
Мысалы, кәсіпорынның Ақмола филиалында 1929 ж.т. теміржол станциясының зейнеткері қайтыс болғаннан кейін жеті жыл бойы қаржылық қолдау тағайындалған.
Бұдан бөлек Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы өзінің ешқашан теміржолда қызмет атқармаған жақын туыстарын зейнеткер ретінде есепке алып, осымен оларға 1,1 млн теңге сомасында жеңілдіктер, өтемақы төлемдер мен сыйлықақылардың берілгендігін қамтамасыз етті.
Көлік прокурорлары Қазақстан бойынша 10 млн теңгеден астам сомаға осындай заңсыз есептелген 742 фактіні анықтап, прокурорлық қадағалау актілерінің негізіндеоларды қайтару шаралары қабылдануда.
Бір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, басқа фактілер бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау мақсатында материалдар қылмыстық қудалау органдарына жолданған.
Бас көлік прокуратурасы