
Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы ҚТЖ құрылымдық бөлімшесімен кәсіпкерлік заңнама нормаларына қайшы келетін және бизнестің мүдделеріне нұқсан келтіретін шарттар жасағанын анықтады.
Атап айтқанда, шарттар бойынша енгізілген қамтамасыз етуді қайтару үшін кәсіпкерлердің өз шарттық міндеттемелерін толық орындаған соң тапсырыс берушіге жазбаша өтініш жасау міндеті заңсыз жүктелгенБұл ретте, аталған шарттың тармағымен осындай өтініш болмаған жағдайда қамтамасыз етудің сомасын уақтылы қайтармағаны үшін соңғысының жауапкершіліктен босатылатыны көзделген
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша заңсыз талаптар 52 шарттан алынып тасталып, 25 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы