Құрметті арызданушы!

Құрметті арызданушы!

Заңнамалық актілермен Бас көлік прокуратурасына жолданымдарды берудің келесі жолдары қарастырылған:

 – қолма-қол;

 – пошта байланысы;

 – Электрондық Үкімет порталы (электрондық цифрлық қолтаңба қойылған кезде);

 – «e-otinish» ақпараттық жүйесі тәсілдері арқылы.

Жолданымды қарау нәтижелері бойынша жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Бас көлік прокуроры, оның орынбасарлары, сонымен қатар өңірлік көлік прокурорлары жеке қабылдауды «egov.kz» порталынан электрондық өтініштер негізінде алдын ала жазылу бойынша, сондай-ақ қағаз форматтағы жолданымдар  арқылы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 17.01.2023 жылғы №29 бұйрығымен бекітілген  «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары»)

Жеке қабылдау туралы жолданымда міндетті түрде сұрақтың мәні көрсетілуі қажет.

Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыты туралы ақпарат прокуратураның ресми сайтында, прокуратура ғимараттарындағы арнайы стендтерде орналастырылған.

Көлік прокуратурасына жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бойынша  сұрақтар немесе ескертулер бойынша жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін 8-717-2-30-16-75 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 Бас көлік прокуратурасы