Көкшетау көлік прокуратурасы жүк автомобильдерінің массасын тіркеу кезінде автоматтандырылған өлшеу құралымен салмақ параметрлерінің деректері дұрыс есептелмегенін анықтады.
Өлшеу жабдығы сыныпқа сәйкес келмейтін жол төсемінің қателік пайызын дұрыс есепке алмады, бұл факт кәсіпкерлердің негізделген шағымдарына себеп болды.
Көрсетілген бұзушылықтар бойынша көлік прокуратурасы уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде автотасымалдаушыларға қатысты 200 астам әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Ақмола облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Бас көлік прокурорының атына алғыс хат жолдады.
Бас көлік прокуратурасы