
Ақмола көлік прокуратурасы ҚТЖ құрылымдық бөлімшелерімен кәсіпкерлік заңнамның нормаларына қайшы келетін және бизнестің мүдделеріне нұқсан келтіретін сауда алаңдарын жалға алу келсім-шарттары жасасқаны анықтады.
Атап айтқанда, елорданың теміржол вокзалдарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілерге өз қызметінің СанЕмН, өртке қарсы және басқа да талаптарға сәйкестігін тексеру үшін мемлекеттік органдарға жүгіну жөніндегі міндеттер заңсыз жүктелген.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша, заңсыз шарттар 106 жалдау келсім-шартынан алынып тасталды.
Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.