Бас көлік прокуроры Т.К.Сүлейменовтың «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабы тәртібінде үндеуі

Бас көлік прокуроры Т.К.Сүлейменовтың «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабы тәртібінде үндеуі

Конституцияның 83 бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлау процесінде де қамтамасыз етеді.

А.ж. 21 қазанында (сағат 18:00-ден бастап) сайлау алдындағы үгіт басталды (ағымдағы жылғы 19 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).

Оны өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен егжей-тегжейлі реттелген.

Белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген.

Осындай құқық бұзушылықтар бойынша субъектілер болып азаматтармен және лауазымды тұлғалармен қатар кәсіпкерлік субъектілері де табылады. Баптардың санкцияларында 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін (30-дан 153 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.

Сайлау құқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау (ӘҚБтК-нің 101-126 – баптары) прокурордың айрықша құзыретіне кіреді (ӘҚБтК-нің 805-бабы). Істерді сот қарайды.

Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады (ӘҚБтК-нің 807-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы).

Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді бірден (прокурордың қаулысынсыз) соттар қарайды, бірақ міндетті түрде прокурордың қатысуымен (сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамы бойынша: ӘҚБтК 101-126 - баптары).

Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та көзделген.

Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты (ҚК - нің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру).

ҚК-нің 151-бабы бойынша сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу үшін – 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары/немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеуді қарастырады.

Сайлау науқанын жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ету үшін прокурорлар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ сайлау комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатты.

Әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңдарда көзделген барлық құқықтық шаралар қабылданатын болады.