
Атырау көлік прокуратурасы 1 жылдан астам уақыт бойы дизель отыны мен мазут сатумен айналысқан "ЮконСтройИнвест" ЖШС директорының заңсыз қызметінің жолын кесті.
Прокуратура тасымалданатын мұнай өнімдері туралы мәліметтерді зерделеу барысында 2017-2018 жылдар аралығында осы серіктестіктің басшысы жанар-жағармай материалдарын олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз өткізгені анықталды.
Олар негізінен Қарағанды және Ақтөбе қалаларының аумағында жүзеге асырылды, онда олар автомобиль көлігімен жеткізілді.
Заңсыз қызметтен түскен табыс 2,9 млрд. теңгеден асты.
Істі тергеу аясында прокуратура нақты іс-шараларды жүргізу туралы бірқатар нұсқаулар берді, бұл басқа тергеу әрекеттерімен бірге оның қылмыстық әрекетін ашуға мүмкіндік берді.
Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 17 шілдедегі үкімімен кінәлі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Бас көлік прокуратурасы