
Бүгін Бас көлік прокуратурасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында көлік прокуратурасы органдарының жас қызметкерлері арасында "Абай оқулары"байқауы өтті.
Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау және мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру мақсатында Прокуратура органдарында конкурсқа көлік прокуратурасының 8 аймағының қызметкерлері қатысты.
Жас прокурорлар өздерінің жоғары шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды.
Конкурс қорытындысы бойынша 1 - орынды Қандыағаш көлік прокуратурасының прокуроры Мейрамбек Қойлыбаев, 2-орынды Бас көлік прокуратурасының аға прокуроры Мейіржан Қалиасқаров, 3-орынды Жетісу көлік прокуратурасының прокуроры Кемел Дінмұхаммед иеленді.
Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен, ал қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Бас көлік прокуратурасы