Мемлекет басшылығының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап прокуратураның қадағалауы бизнес проблемаларын тиімді шешуге қайта бағытталған.
Бұл жұмыстың нәтижесі қажетті шаралардың жедел қолданылуына байланысты.
Өйткені, уақтылы көмек – бизнес үшін ауыр шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта 24/7 режимінде көлік прокуратурасы органдарының 25 мамандандырылған мобильді тобы жұмыс істейді.
Тәжірибелі қызметкерлер барлық аймақтағы кәсіпкерлердің әрбір шағымын жіті зерделейді.
Нәтижесінде бізге жиі арыздар келе бастады. Өтініштердің 65%-ға өсуі байқалады.
Кешенді жұмыспен 16 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.
Бұған 30 млн теңге көлемінде айыппұлдан босату, 3 мың кәсіпкерге өтемақы тарифін енгізу, 88 заңсыз тексерудің алдын алу, 4 құқықтық актінің күшін жою кіреді.
Мысалы, Мемлекет басшысының мораторийін айналып өтіп, автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы шағын бизнесті тексеруге мүмкіндік беретін Индустрия министрінің бұйрығы жойылды.
Сондай-ақ, біздің наразылық бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығынан ЕурАзЭҚ елдерімен шекарада тексеру жүргізу құқығын заңсыз берген нормалар алынып тасталды.
Монополиялық жағдайдың айқын белгілері бар ірі кірме жолдардың 17 меншік иесі анықталып, Монополияға қарсы органның бұйрығы бойынша олардың барлығы табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген.
Әрқайсысымен 1,5 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл төленді.
Кірме жолдардың басты меншік иелерінің бірі «ЦТС» АҚ өзінің контрагенттерін Қостанай және Ақтөбе өңірлерінде онымен аффилиирленген Локомотив тарту қызметі кәсіпорнынан сатып алуға мәжбүр етті.
Бүгінгі таңда монополистің үлгі шартынан тиісті талап алынып тасталды.
Қылмыстық қудалаудың басталуы ең маңызды сұрақтардың ішіне кіреді.
Үшінші елдерге баратын транзиттік тауарларды тергеуде проблемалық мәселелер туындады.
Ол үшін біз мұндай тауарларды жалған декларациялауға қатысты бірыңғай тергеу тәжірибесін әзірледік.
Мұндай әрекеттерден біздің елімізге ешқандай зиян келмейді, шетелдік жүк тасымалдаушылар іс жүзінде қылмыстық процеске артық тартылды.
Сондықтан осындай фактілер үшін қылмыстық қудалауды болдырмау туралы келісілген шешім қабылданды.
Бүгінгі таңда «сыртқы транзит» жүктеріне қатысты басталған барлық істер тоқтатылды.
Сонымен қатар, олардың ел ішінде орын ауыстыруына бақылауды күшейту тапсырылды. Мақсат – «жалған транзитке» жол бермеу.
Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысынан «сыртқы транзит» кезінде контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау туралы ұсынысымызды Бас прокуратура қолдады.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасы